Ресейде соңғы бір жарым айда тұмау өршіп, ауруханалардағы науқас саны 30 пайызға артқан. 49 өңірде инфекция дес бермей тұр. Мамандардың айтуынша, әсіресе H1N1 және В вирустары тез тарап жатыр. Сондықтан өңірлерде сақтық шаралары күшейтіліп, кей жерлерде маска тағу міндеттелді. Одан бөлек адам көп жиналатын шараларда коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР тест талап етіледі. Тұмау және коронавирусқа қарсы вакцинация қайта енгізілді,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.
Анна Станиславова, дәрігер:
Өзге аурулардан бөлек, коронавирус және тұмауға қарсы вакцинация қайтадан жүргізілуде. Қолда бары «Гамковидвак» екпесі және мұрынға тамызатын вакцина. Қыстың соңғы айында үнемі вирус өршіп, тез тарайды. Сондықтан екпе санын көбейттік. Жалпы 5-6 екпе түрі бар.