«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ақмола облысының Біржан сал ауданында аймақ жастарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Мақсат - жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Ауданда туризм қарқынды дамып келеді. Сондықтан елдімекендердің тазалығына мән беру аса маңызды. Эко-акция аясында бүгінге дейін аймақтан 450 тонна қоқыс шығарылған.
МЕЙІРГҮЛ АЯҒАНОВА, БІРЖАН САЛ АУДАНЫ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Былтырдан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, орман шаруашылығының қызметкерлері және де бірқатар мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен бізде қаланың ішінде санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Абаттандыру, көгалдандыру.