Шымкентте адам ұрламақ болғандар әшекере болды. Ер адамды белгісіз тұлғалардың алдымен ұрып, артынша автокөліктің жүк салғышына күштеп салып әкетіп бара жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оған жұрт араша тұрғысы келгенімен, жеңіл көлікті тақымдағандар дес бермей зулап кетіп қалады. Желідегі тараған бейнежазбамен қазір құқық қорғаушылар айналысып жатыр. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар екі күдіктіні анықтады. Көлік табылды.
ИСФАНДИЯР ҚҰРАЛБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Оқиға қатысушылары анықталып, полицияға жеткізілді. Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі таңда жайт бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.