$501.28 €526.19 ₽5.86
×

Астанада сауда орталығы өртенді

26.02.2025ж. 20:00
59
Астанада сауда орталығы өртенді

Астанада сауда орталығы өртенді. Жарты сағат көлемінде 50 шаршы метр аумақтың түгі қалмай жанып кетті. Оқиға кезінде ғимаратта болғандар толық эвакуацияланды.

ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Артымда тұрған танымал сауда орталығы жана ғана отқа оранды. Абырой болғанда, Құтқарушылар дер кезінде жетіп адамдарды сыртқа шығарып, өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтап үлгерді. Өрттің нақты себебі әзірге белгісіз.

Бұл -ғимараттын өрт шыққандағы сыртынан түсірілген көрінісі. Ал, іштегі халық бастапқы да бұны түсінбей қалған. Айтуларынша, бірінші қабат қара түтінге оранған. Бір сәтте бәрі сыртқа шығып үлгеріпті.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Іш қатты түтін боп жатты 1 этаж полный. Түсінбей қалдық.
- Бастапқы кезде бірінші және екінші сигнализация ойнады. Яе та бірнәрсе боп қалды ма деп ойландым. И сол кезде охраналар келіп бізде пожарка болып жатқанын айтты. Сосын дереу шығып кеттік бәріміз.

Төтеншеліктердің мәліметінше, өрт ғимараттың қаптамасынан және соған жапсарлас салынған екі қабатты құрылыс нысанынан шыққан. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

БАҚЫТЖАН МАУЛЕНБЕРДИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

10 сағат 58 минутта 101 пунктіне Астана қаласы Нұра ауданы Тұран көшесі бойында орналасқан "Сарыарқа" сауда кешені бойынша өрт хабарлама келіп түсті. Қазіргі таңда өрт оқшауданды. Өрт орнында 5 техника 25 адам жұмылдырылды.

Өрт сөндірілген соң құрылыс материалдарын аршу жұмыстары жүргізілді.