Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанда ең алғашқы сандық шоурум ашылды

AstanaTV
12.06.2017ж. 20:00
3201
Қазақстанда ең алғашқы сандық шоурум ашылды

Қазақстанда ең алғашқы сандық шоурум ашылды. Бұл жаңашылдықты  Hyundai брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Hyundai Auto Kazakhstan мен «Астана Моторс» компаниясы ұсынып отыр. Жаңа кеңістік  MEGA Silk Way сауда орталығында орналасқан. Оның ашылуы EXPO-2017 Халықаралық көрмесінің ашылуымен тұспа-тұс келді.

Hyundai City Store - Қазақстандағы тұңғыш сандық дилерлік орталық. Бұл жерде клиенттер көлікті мүлде жаңа әдіспен сатып ала алады. Заманға сай интернет желісімен сауда жасауға үйренген адамдар үшін де аса қолайлы болмақ. Hyundai көлігін алғысы келетіндер үшін дилерлік орталық - таптырмас алаң. Алексей Репин бұл жерге үшінші көлігін алуға келіпті.

Алексей Репин, сатып алушы:

ІТ технологияны белсенді түрде қолданушылардың бірі - мен. Мұндағы клиенттерге деген көңіл бөлушілік, оған қоса заманауи технологиялардың қолданылуы аса керемет екенін көзіммен көрдім, маған өте ұнады. Интерактивті режимде көлікке таңдау жасау, оған тапсырыс беру дегеніңіз өте ыңғайлы әрі қолайлы дер едім.

Hyundai көлігін несиеге алғысы келгендер үшін мұнда бірнеше серіктес банктердің кеңесшілерімен байланыс орнатылады. Бұл клиенттің өзіне ыңғайлы несиелік бағдарламаны таңдауына мүмкіндік береді. Арнайы жасақталған IT таңдау клиенттің өзіне қажетті опцияны кезең-кезеңімен қабылдауына көмектеседі. Көлікті асықпай, мұқият қарап, өз таңдауын жан-жақты сараптауына жол ашады. MEGA Silk Way аумағындағы алаңда немесе қала көшелерінде тест-драйв жасатады.

Айта кетейік, Hyundai City Store Ұлыбритания, Испания, Ресей, Сауд Арабиясы мен Коста-Рикада бар. Енді олардың қатарына Қазақстан қосылды.

Нұрлан Смағұлов,  «Астана Моторс» компаниясының президенті:

Бұл бүкіл әлем бойынша ашылып отырған 7-ші City Store, ал қазақтар үшін 7 саны киелі екенін барлығымыз жақсы білеміз. Сондықтан MEGA Silk Way-дегі City Store өте танымал орталық болады деп сенемін. Мұнда көлікті несиеге алудың түрлі жолдары ұсынылады және клиенттер үшін өте ыңғайлы жағдай жасау қарастырылған.

Шоурум аумағы 171 шаршы метрді құрайды. Оның құрылысына 300 мың доллардай қаржы жұмсалды. Hyundai City Store негізгі 5 аумаққа бөлінген. Қысқасы, City Store - Hyundai брендімен жақынырақ танысудың керемет тәсілі. Бұл  компания мен клиент арасындағы ашық диалог алаңы. Ал орталықтың алғашқы клиенті Санкт-Петерборға барып, ФИФА кубогы аясындағы Камерун мен Австралия құрамаларының ойынын көруге мүмкіндік алады.