Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Астана» командасының даттық велошабандозы «Критериум ду Дофине» көпкүндігін жеңіп алды

AstanaTV
12.06.2017ж. 20:00
2437
«Астана» командасының даттық велошабандозы «Критериум ду Дофине» көпкүндігін жеңіп алды

«Астана» велокомандасының шабандозы «Критериум ду Дофине» көпкүндігін жеңіп алды. Якоб Фульсанг көпкүндіктің 6-шы және 8-ші финалдық кезеңінде табысты өнер көрсетті. Бұл дат шабандозының «Астана» командасындағы алғашқы жеңісі. Тіпті соңғы 4 жыл бойы оған сәттілік серік болмаса керек.

Шабандоз австралиялық Ричи Портеден 10 секундқа озып кетті. Ал шешуші кезеңде финишке 6 км қалғанда Дэна Мартинге шаңын көрсетпей, жалғыз өзі мәре сызығын кесті. «Критериум ду Дофине» "Тур де Франс" алдындағы басты дайындық болып есептеледі. Әлемдегі ең әйгілі веложарысқа «Астана» командасынан екі капитан барады. Олар Фульсанг пен италиялық Фабио Ару.