Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Алматыда шартты түрде сотталғандардың қайта қылмыс жасауы жиілеген

AstanaTV
13.06.2017ж. 20:00
2309
Алматыда шартты түрде сотталғандардың қайта қылмыс жасауы жиілеген

Алматыда шартты түрде сотталғандар арасында қайта қылмыс жасайтындар жиілеген. Қазір 1700-ден астам адам пробациялық тіркеуде тұр. Жыл басынан бері оның 20-сы қайтадан заңға қайшы әрекет жасаған. Сондықтан Алатау ауданының прокуратурасы 500-ден астам сотталғандардың басын қосты. Көрнекілік сотта 2 азамат сотталды. Бұл пробациялық басқарманың қарауында тұрған өзгелер үшін сабақ болады дейді, прокурорлар.

Мұхит Рыспеков, Алматы қаласы Алатау ауданы прокурорының көмекшісі:

Бұл іс-шара бір жолғы емес, яғни былтырғы жылдың мамыр айында, тура осындай іс-шарамыз Алматы қаласы, Алатау аудандық әкімшілігінің ғимаратында 100 сотталған азаматтың қатысуымен өткізген болатынбыз. Алдыңғы шараның нәтижесінде, Алатау ауданының аумағында қылмыстық қайталану айтарлықтай деңгейде төмендегені байқалып, бүгінгі шараны қала аумағын қамтып өткізу туралы шешім қабылданды.