ТЖМ құтқарушылары 33 шетел азаматын эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түнде Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы аттас кентінен 40 км қашықтықта «Самара-Шымкент» тас жолының жабық учаскесінде «Уфа-Самарқанд» жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысқан.
ТЖМ қызметкерлері вахтовкамен 33 Өзбекістан азаматын жолдың қауіпсіз ашық учаскесінде орналасқан басқа автобусқа дейін эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, - делінген мәліметте.