Ақтөбе облысында банкомат маңында кезекке қатысты жанжал туындап, 22 жастағы жігіт бір әйелге қол жұмсады. «Диапазон» басылымының мәліметінше, жәбірленуші банкомат алдында кезегін күтіп тұрған. Осы кезде күдікті кезекті сақтауды талап еткеніне ашуланып, жанжал шығарған.
"Банкоматтың алдында тұрғанбыз, мен оған кезекті сақтау керек екенін ескерттім. Ол артқа шегініп, айқайлай бастады. Кейін мені сыртта күтіп тұрып, көшеге шығуға шақырды. Мен бас тартқан соң, басымнан, бетімнен ұра бастады. Ернім жарылып, көзімнің астында гематома пайда болды", – деді жәбірленуші.
Зардап шеккен әйел медициналық емге 260 мың теңгеге жуық қаражат жұмсағанын айтты. Дәрігерлер оған ұзақ мерзімді ем тағайындаған. Осыған байланысты жәбірленуші 1 миллион теңге моральдық шығын талап етті.
Сот үкіміне сәйкес, 22 жастағы күдікті 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Ол жәбірленушіге 100 мың теңге моральдық өтемақы және 800 мың теңге адвокат қызметінің ақысын өтеуге міндеттелді.
Сондай-ақ сот шешімі бойынша күдікті ойын-сауық орындарына бармауға тиіс және жұмыстан кейін үйінде болуға қажет.