Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жиырма мыңнан астам алматылық азаматтың жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттарында қателер өріп жүр

AstanaTV
13.06.2017ж. 20:00
2229
Жиырма мыңнан астам алматылық азаматтың жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттарында қателер өріп жүр

Жиырма мыңнан астам алматылық азамат Халыққа қызмет көрсету орталығының көмегіне бірінші шілдеге дейін жүгінуі тиіс. Өйткені олар жеке бастарына тиесілі жылжымайтын мүліктің құжаттарын қайта реттеуі қажет.

Өйткені  құқықтық кадастрлық базада мүлікті тіркеу бойынша қателіктер тіркелген. Бұл туралы бүгін қалалық Әділет департаментінің өкілі Қарлығаш Шәкірбекова мәлімдеді. Айтуынша, қателіктердің басым бөлігі мүлікті жекешелендіру келісімшарттарында туындаған. Мысалы, азаматтың тегі қате көрсетілсе, енді бірінде пәтер қожайынының туылған күні дұрыс жазылмаған. Бұндай қисынсыз қателер «Egov» электронды порталынан қандай да бір анықтама қағазын алар кезде кедергі тудыратын көрінеді. Осы іспеттес қателіктер бүгінде 20 мыңнан аса адамның құжатында өріп жүр. Сондықтан кез-келген азамат бұл әбестіктің алдын-алу үшін жыл соңына дейін қаладағы кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығының көмегіне жүгіне алады.

Қарлығаш Шәкірбекова, Алматы қаласы әділет департаменті жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің бас маманы:

Әрбір азамат анықтама қағазын кез-келген органға ұсынар кезде қиындықтар туындамас үшін жасалып отыр. Базадағы қателіктер адамды сан сабылтатыны анық. Біз бірінші шілдеге дейін мерзім қойып отырмыз. Бірақ бұл нақты емес. Дегенмен, асықтыруымыз керек. Ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап, база қайта жасақталатын болады. Сондықтан бірінші шілдеге дейін үлгермеген алматылықтардың жыл соңына дейін жылжымайтын мүлік құжаттарында болған қателіктерін түзеуіне мүмкіндігі бар.