Америка осы уақытқа дейін қазақ экономикасына 27 млрд доллар инвестиция құйған. Бұл туралы қазақ-америка бизнес форумында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. АҚШ еліміздің экономикасына инвестиция салып отырған Нидерландыдан кейінгі екінші ірі инвестор екен.
Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:
Қазақстан мен Америка арасындағы тауар айналымы былтыр 1 млрд 900 млн долларға жетті. Бүгінде Қазақстанда экономиканың әр түрлі саласында америкалық капиталмен жұмыс істеп жатқан бірлескен 500-дей компания бар. Олар Chevron мен Дженерел электрик сынды ірі компаниялар мен өзге де ірілі-ұсақты мекемелер.
Бизнес
форумның көздегені - америкалық компанияларды біздің экономиканың басым
секторларына тарту. Оның ішінде машина жасау, денсаулық сақтау, құрылыс және
ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі сынды ірі бағыттар бар. Ал жиынға қатысқан
Қайрат Келімбетов «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмыс жоспарымен
бөлісті.
Қайрат
Келімбетов, «Астана» ХҚО басқарушысы:
Шанхай
қор биржасы және Американың «Nasdaq» биржасымен орнатылған әріптестікті одан
әрі кеңейтіп, Еуропаның ірі бір биржасын қосамыз деген ойымыз бар. NASDAQ
бүгінде саудамен қамтамасыз ететін IT шешімдердің провайдері саналады. Мұнымен
қоса «Астана» халықаралық қаржы қоры биржасының акционері болу үшін қазір
NASDAQ-пен келіссөздер өтіп жатыр. Еуропаның аса ірі ұлттық биржасымен
әріпстестік орнату үшін де байланысып жатырмыз.