Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасы артады

AstanaTV
14.06.2017ж. 20:00
2546
Халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасы артады

Алматының ең ірі ауруханасында жыл басынан бері жаңа технологиялардың күшімен 700-ден аса күрделі ота жасалды.

Бұндай көрсеткіш елімізде енгізілгелі жатқан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру реформасының аясында мүмкін болып отыр. Жаңа жүйенің діттегені де әу-бастан емханалар мен ауруханалар арасындағы бәсекелестікті арттырып, дәрігерлердің жауапкершілігін жоғарылату болатын. Сол арқылы халыққа көрсетілетін қызмет сапасы жақсармақ. Бүгін қаладағы № 7 ауруханада кардиология және гематология бөлімдерінде интенсивті емдеу палаталары ашылды. Бұл реанимациядан шыққан науқастардың оңалғанға дейін болатын бөлмелері. Мұнда бас миы мен жұлынға соңғы технологиялардың көмегімен күрделі операция жасау да қолға алынды. Даниялық маман Алматыда тұңғыш рет жүйке ауруларына жаңа әдіс арқылы ота жасауды үйретті.

Игорь Филипповский, нейрохирург (Дания):

Біз Қазақстанға криональгезияның инновациялық әдістері арқылы ота жасау тәжірибемізбен бөлісуге келдік. Бұл жүйке жүйесі ауруына шалдыққан жандардың дертін бәсеңдетеді. Білуімше, Қазақстанда жүйке жүйесі  ауруларымен тіркелгендер көп.

Марат Абдуллаев, Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасының бас дәрігері:

Қазіргі кезде өздеріңіз куәсіздер, специалистер жеткіліксіз. Жаңағы жалпы дәрігерлердің жұмысын біз дұрыстауымыз керек. Содан кейін біз емханалармен жұмысты дұрыс ұйымдастыратын болсақ, онда біздің халыққа ол үлкен көмек болады деп сенеміз.