Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы Австрияның ұлттық күні

AstanaTV
14.06.2017ж. 20:00
2683
ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы Австрияның ұлттық күні

Бүгін ЭКСПО көрмесі аумағында Австрияның ұлттық күні өтті. Қос елдің туы көкке көтеріліп, 10 ғасырға жуық тарихы бар Әулие Флориан ұлдары хоры Қазақстан гимн мүлтіксіз орындады. 

Австрия көрмесінің аты «Болашақтың энергиясы бұл - біз және сіз» деген атау таққан. Олар адам тікелей өзі шығаратын энергия көзін тиімді пайдалану жобаларын ұсынған. Павильон балалардың ойын алаңына ұқсайды. Мысалға, мына теледидар тек велосипед педалін қатты айналдырғанда ғана, энергия өндіріп, ток көзі қосылады. Ал мына алып шеңбер де адам күшімен жұмыс істейді.

Австриялықтардың технологиялық жетістіктері ЭКСПО көрмесінің құрылысы кезінде де қолданылған. 380 күн панелі нысандағы жарық пен салқындатқыштың бір бөлігін қамтамасыз етеді. ЭКСПО Сити Астананың су құбыры желісіне өте сапалы шойыннан жасалған 1,5 шақырымдық құбырды да осы австриялық компания жеткізген. Негізі бұл ел Қазақстанмен сауда-саттықты одан әрі дамытып, бірлескен жобаларды қолға алуға ниетті.

Рихард Шенц, Австрия экономикасы палатасының вице-президенті:

Осында негізі отбасылық көрме ретінде жағдай жасадық. Мұнан өзге экономикалық бағдарламаға да зор көңіл бөліп отырмыз. Біздің ел, қоршаған ортаға зиян тигізер факторлардан құтылу үшін, бар жағдайды жасап келе жатыр. Сондықтан жылдың басты көрмесі Қазақстанда өтіп жатқандықтан, жасыл энергетика саласында біз бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ