Ішкі істер қызметіне жұмысқа тұру ақысы - 20 мың көк қағаз. Оңтүстік Қазақстанда 44 жастағы тұрғын осындай уәдемен азаматтарды сендіріп, тақырға отырғызып келген.
Сайрам
аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері қамауға алған жергілікті тұрғын еш
жерде жұмыс істемейді. Ол көз таныс адамдардың сеніміне кіру арқылы бірін
"жұмысқа тұрғызамын" деп алаяқтық жолмен ақшасын алса, енді бірін
«мыс өндіретін кен қазу орнында серіктес боламыз» деп сендірген. Тіпті Сайрам
ауданы тұрғынының құны 6,5 млн теңге болатын 16 жылқысының басын көбейтіп
беремін деп алдап кетіпті. Бұдан бөлек, "кен орынында пайдаға қарық
боласың" деп тағы 3 млн теңгесін қағып алған. Ол барлығы 20 миллион
теңгені қалтасына басқан. Алайда, сезікті қаражатты өз пайдасына жаратып
жіберген. Ішкі істер қызметі өкілдерінің ақпарына сүйенсек, күдікті адамдарды
"жоғары жақта танысым отыр, сол арқылы шешіп беремін" деп сендіріп
келген. Қазір үш бірдей бап бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу
амалдары жүріп жатыр.
Мұхтар
Нұрбаев, ОҚО Сайрам аудандық ішкі істер басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары:
Күдікті
Түркістан қаласы тұрғынын "бұрынғы қызметіне орналастырып беремін"
деп, яғни "ішкі істер органына жұмысқа тұрғызып бере аламын" деп,
одан 20 мың АҚШ ақшасын санап алған. Оны да "кен орнында серіктес
боласың" деп алдаған. Қазір үш фактіге қатысы бары анықталды. Алаяқтық
жолмен ақша тауып жүрген бұл күдіктінің бұдан өзге де қылмыстарға қатысы бар
болуы әбден мүмкін.