"Қазақстан теміржолы – жүк тасымалы" ЖШС қызметкері есірткі сатқаны үшін ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру кешенін өткізу барысында қаланың екі тұрғынын ұстады.
"Ұсталғандардың бірі – "ҚТЖ – жүк тасымалы" ЖШС қызметкері достарына есірткі таратқан. Тінту барысында шамамен 700 грамм есірткі тәркіленді, зергерлік электронды таразы, электрошокер, пневматикалық мылтық, 2 мылтық және оқ-дәрі тәркілеп алынды", – дейді ведомство.
Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды.