Бүгін Наурызнама онкүндігіндегі мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күнінде «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев өңірдің дамуына еңбегі сіңген қарияларды құттықтап барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Партияның баспасөз қызметі хабарлағандай, партия өкілдері сондай-ақ аймақтағы тыл еңбеккерлері мен ұстаздарға да ықылас танытқан.
«Ұрпақтар сабақтастығын нығайту, отбасылық құндылықтарды сақтау, ұлттық дәстүрлерді дәріптеу мақсатында Наурызнама онкүндігінде қариялардың батасын алу, олардың өмірлік тәжірибесі мен даналығын бойға сіңіру дәстүрге айналған. Осы айтулы күн қарсаңында «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев өңірдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан және облыста партия филиалын құру ісінің бастауында тұрған Кенжебай Әлжанұлы мен ұзақ жыл үздік педагогтер қатарынан көрініп, мыңдаған оқушы тәрбиелеген Шалқыма Хайроллақызын құттықтап барды», - деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
Азамат Сафималиевтің айтуынша, наурызнама – қазақтың атадан келе жатқан салт-дәстүрлерін жаңғыртып, үлкенге құрмет көрсетудің қандай маңызды екенін еске салатын мереке.
«Наурызнама – өмірі мен еңбегі кейінгі ұрпаққа өнеге болатын жандарға құрмет көрсетудің маңызын еске салатын мереке. Сіздердің ел дамуына қосқан үлестеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз», – деді Азамат Сафималиев.
Сонымен қатар партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Әфиза Семғалиева Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тыл еңбеккері әрі ұзақ жылдық тәжірибесі бар педагог Бәкес Бәкешованы мерекесімен құттықтаған.
«Біз бір кездері шағын ауылда балаларды қиын жағдайда оқыттық: қағаз тапшы, сия сирек табылатын. Қазір заман жақсарды – немерелерім оқу озаты болып өсіп келеді. Үлкендерді ұмытпай, көңіл бөліп жатқандарыңызға риза болдым. Сіздерге зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін», – деп өз алғысын білдірді Бәкес Бәкешова.