$496.41 €542.77 ₽6.05
×

Қызылжарда “Береке басы - Наурыз” атты командалық айтыс өтті

18.03.2025ж. 20:00
105
Қызылжарда “Береке басы - Наурыз” атты командалық айтыс өтті

Қызылжарда “Береке басы - Наурыз” атты командалық айтыс өтті. «Amanat” партиясы ұйымдастырған жыр додасында Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарының өнер майталмандары бақ сынасты. Ақындар түре, сүре, қайым, қыз бен жігіт айтыс түрлерінен сынға түсті. Ауқымды шараны Аманжол Әлтай басқарса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман қазылар алқасына жетекшілік етті. Өнер сайысының қорытындысы бойынша теріскейлік айтыскерлер жеңіс тұғырынан көрінді. Ақындар мен күйшілер қоржынын қомақты қаржымен майлады. Енді сыннан өткен  қызылжарлық айтыскерлер екінші айналымға жолдама алды. Жалпы, үш айналымнан  тұратын республикалық жыр додасының ақтық сыны Астанада мамыр айында өтпек.

ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН, АЙТЫСКЕР АҚЫН:

Бұған біздің Солтүстік Қазақстан облысынан 4 айтыскер ақын және 4 дәстүрлі өнер өкілі қатысып жатырмыз. Бір команда барлығы 10 адам, бір команда басшысы және таныстыратын бір бала.


ЕРКЕБҰЛАН ЖАУЛЫБАЕВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ САЯСИ ЖҰМЫС БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:


Негізі командалық айтыс 80-жылдары айтыстың абызы Жүрсін Ерман телевизиялық нұсқада ұйымдастырған. Бірақ заман өзгерген сайын, қоғам өзгерген сайын оның талабы да өзгереді. Соған сәйкес енді біз телевизиялықтан шығып, кәдімгідей командааралық өңір-өңірлерге көшпелі түрде өткізіп жатырмыз.