Жапонияда тайфун тудырған көшкін салдарынан қаза тапқандар саны төрт адамға жетті, деп хабарлайды AstanaTV.
Report агенттігі Kyodo басылымына сілтеме жасап хабарлағандай, тағы алты адам хабарсыз кеткендер қатарында. Оларды полиция және басқа да шұғыл қызмет өкілдері іздестіріп жатыр.
Чиба префектурасының Сакура қаласында өзен арнасынан асып, салдарынан тұрғын аумақтарды су басты. Шамамен 300 үй сыртқы әлемнен уақытша бөлініп қалды. Сондай-ақ көптеген автокөлікті су басқаны туралы хабарлар түсуде.
Чиба префектурасында 22 қыркүйек күні таңертең 58 мыңнан астам үй уақытша электр жарығынсыз қалды. Күннің екінші жартысында 40 мыңнан астам үйде электр жарығы әлі де уақытша үзіліспен берілді.
Қоғамдық көлік жұмысында да ақаулар сақталуда.
Жапонияның Хонсю аралының тынық мұхит жағалауының орталық бөлігімен өткен «Дуцзюань» тайфунының салдарынан үш адам қаза тауып, тағы екеуі хабарсыз кетті.
Report агенттігі Канагава және Чиба префектураларының полициясына сілтеме жасап хабарлағандай, нөсер жаңбыр тудырған көшкін салдарынан үш адам қаза тауып, бұл жаппай су тасқынына әкеп соқтырды.
Ауа райының жақсарғанына қарамастан, Токио ауданында әлі де көптеген теміржол желілерінің қызметі тоқтатылып тұр. Мамандар нөсер жаңбырдан кейін жолдар мен жабдықтардың жағдайын тексеруде.
Жекелеген аудандарда екі тәулік ішінде 410 миллиметрден астам жауын-шашын түсті. 20 қыркүйекте Жапонияның 1,6 миллионнан астам тұрғынына қауіпсіз жерлерге көшу туралы ұсыныстар берілді.