Ресей құрамына кіретін Алтай Республикасындағы Сейка ауылының тұрғыны мас күйінде бірнеше сағат әйелінің баласын азаптаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алдымен ол баланың басы мен денесін жұдырықпен ұрған, кейін аяғын темекімен күйдірген. Ал соңында құлағын кескен», – делінген Meduza материалында.
Қылмыстық іс қозғалды. Айыпталушы бәрін мойындап, түсініктеме берген.
Бала республикалық ауруханада жатыр.