$458.85 €503.5 ₽5.59

«Коба» сериалының екінші маусымы көрерменге жол тартты

AstanaTV
27.11.2026ж. 19:00
«Коба» сериалының екінші маусымы көрерменге жол тартты

Қазақстандық «Коба» криминалдық драмасының екінші маусымы жарық көрді. Сегіз бөлімнен тұратын жаңа маусымның қоюшы режиссері әрі бас продюсері - Нұртілеу Амангелді. Басты рөлді Қобыланды Болат сомдаса, Тәуекел Мүсілім шығармашылық мансабында алғаш рет басты жағымсыз кейіпкердің рөлін ойнайды.  Жаңа маусымда Коба ықпалды қылмыстық ұйымға қарсы күреседі. Сериалдың түсірілімі Астананың 77 нысанында өткен. Ең күрделі экшн-көріністердің бірі LRT вагондары мен бекеттерінде түсірілген. Сериалдың бірінші маусымы көрермен көңілінен шығып, үш халықаралық кинофестивальде үздік веб-сериал номинациясы бойынша марапатталған. 

НҰРТІЛЕУ АМАНГЕЛДІ, БАС ПРОДЮСЕР, ҚОЮШЫ РЕЖИССЕР:

Екінші маусымның басты ерекшелігі – бұл жолы мен жобаның сценарий авторы ғана емес, режиссері ретінде де жұмыс істедім. Сондықтан сериалға деген көзқарасымыз да өзгеше болды. Біз елордамыздың әсем келбетін барынша көрсетуге, сондай-ақ қаланың маңызды тарихи сәттерін қамтуға тырыстық. Креативті индустрияны қолдау саясатының нақты нәтижесін көріп отырмыз. Бұл бағыттағы қолдау шынымен де жұмыс істеп тұр.

ҚОБЫЛАНДЫ БОЛАТ,  АКТЕР:

Екінші сезонда жинақылық болды. Одан кейін тәбетіміз болды киноға деген, сериалға деген, материалға деген. Сондықтан ойлаймын енді экран көрсетеді ары қарай.