$496.41 €542.77 ₽6.05
×

"Қысқа кезеңде еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді" - Саиров

AstanaTV
19.03.2025ж. 14:55
96
"Қысқа кезеңде еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді" - Саиров
Фото: Tengrinews

Ерлан Саиров қазір басты мәселе – елімізде қалыптасқан «жеке басқа табынушылық» процессін жойып, мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа тұрпатты, халықтың қоғамдық мүддесіне сәйкес келетін саяси жүйе қалыптастыру екенін айтты, деп хабарлайды Astana TV.

Бұл реформаларға ескі жүйе дәуірінде Қазақстанның саяси сферасына, экономикалық жүйесіне дендеп кіріп алған олигархиялық, бюрократиялық топтар қарсы болды. Осы реваншисттер 2019 жылдан бастап Президент Тоқаевтың реформаторлық курсына жүйелі түрде қарсылық білдірді.Бұл әрекеттері Қаңтар оқиғасындағы ауыр жағдайларға алып келді. Қаңтар кезеңінде Президент Тоқаев Қазақстан мемлекетін ауыр алапаттан құтқарып қалды! Қаңтар оқиғалары саяси реформаларға жаңа пәрмен берді. Осы жерде баса айтатын мәселе, жоғарыда айтылғандай, саяси реформалар 2019 жылы басталған!, - деді ол.

2022 жылы референдум нәтижесінде – Президенттің бір ғана 7 жылдық мерзімге сайлану тәртібі енгізілді. Аудан, ауыл әкімдерін халықтың өзі сайлайды. Қысқа кезеңде еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді.

Үкімет пен Парламенттің арасындағы тепе-теңдік пайда болып, аймақтардағы мәслихаттардың ролі мен орны артты. Саяси реформалар еліміздегі қоғамдық-саяси процесске азаматтардың араласуына жол ашты. Президенттің шешімімен құрылған Ұлттық Құрылтай шынайы халықтық диалог алаңына айналды. Қазақстанның тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау басты стратегиялық курс. Ұлттық Құрылтай аясында Президенттің шекаралық аудандарды дамытуға бағытталған Үкіметке нақты тапсырмалары осы бағыттың айғағы, - деді ол.