Әнші The Limba (Мұхаметәлі Радикұлы Ахметжанов) өзіне ұнамайтын қыздардың "ред-флагтарын" (яғни, сақ болуды қажет ететін белгілер) атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің YouTube-тағы VSRAP подкастының шығарылымында айтқан пікірі желіде қызу талқыланып жатыр.
The Limba үшін "қызыл жалаушалар" (ред флаг) мыналар:
Балтыры үлкен болса;
Ұлтын нақты айта алмайтын қыздар. Егер біреу "Қай ұлтсың?" деп сұраса, "Ой, менде бәрі аралас" деп жауап беретіндер оған күмәнді көрінеді. Ол мұны адамның өз болмысын толық түсінбеуімен байланыстырды.
Музыкалық талғамын нақты сипаттай алмайтын қыздар. Егер "Қандай ән тыңдайсың?" деген сұраққа "Мен меломанмын" деп жауап берсе, бұл да The Limba үшін "қызыл жалауша".
Анасын тек мақтайтын қыздар. Егер "Шешең қандай тамақты нашар дайындайды?" десе, "Менің анам бәрін дәмді пісіреді" деп жауап беруі оған жаттанды жауап болып көрінеді екен.
The Limba бұл жауаптардың бәрі оған "клише" сияқты естілетінін айтты. Бірақ оның пікірлері подкаст қатысушылары мен көрермендердің арасында пікірталас тудырды.