Қостанайдан Алматыға бағыт алған жеке жолаушылар пойызында өрт шықты, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы.
Ұлттық компанияның мәліметінше, оқиға 22 наурыз күні сағат 11:13-те Астана – Қарағанды – Сортировочная теміржол учаскесінде болды. Өрт «Түрксіб Астана» жекеменшік тасымалдаушысына тиесілі пойызда шыққан.
«Өрт жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалын шарпыған вагон дереу құрамнан ажыратылды. Оқиға орнына Астана станциясынан арнайы өрт сөндіру пойызы келіп, тілсіз жау құтқарушылар мен теміржолшылардың күшімен толықтай ауыздықталды», – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі таңда мамандар оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.