$502.83 €545.37 ₽5.95
×

СҚО-да республикалық жолдың бір бөлігі 20 күнге жабылды

AstanaTV
22.03.2025ж. 16:27
168
СҚО-да республикалық жолдың бір бөлігі 20 күнге жабылды
Фото: © istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу шараларына байланысты республикалық автожолдың бір бөлігі 20 күнге жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Жабылған жол учаскесі – «Петропавл қаласының айналма жолы» (4-7 км), Кожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзенінің көпіріне дейінгі бөлік. Бұл аумақта қорғау бөгетін нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жол 21 наурыздан бастап барлық көлік түрлері үшін жабылды. Оны қайта ашу 10 сәуір 2025 жылға жоспарланған.

Альтернативті бағыттар:

Жеңіл көліктер үшін – Петропавл қаласы арқылы;

Жүк көліктері үшін – «Петерфельд-Архангельское-Новокаменка» жолымен, одан әрі «Жезқазған-Петропавл» республикалық трассасы арқылы Арқалыққа бағытталады.