$503.42 €542.08 ₽6
×

Дәулет Тұрлыханов қызметінен кетті

AstanaTV
25.03.2025ж. 10:00
149
Дәулет Тұрлыханов қызметінен кетті

Бұл жайында спорт журналисі Назерке Сұлтанбек Telegram-арнасында жазды.

Бүгіннен бастап Дәулет Тұрлыханов Азия күрес федерациясының (UWW Azia) президенті емес, деп хабарлады turkystan.kz.

«2017 жылы Нью-Делидегі Азия чемпионатында Дәулет аға президент болып сайланғанда өзім сол жерде болып, барлық қазақ қуанып, құттықтағанымыз есімде. Тіпті, аз уақыт Азия күрес федерациясында жұмыс істегенім де бар. Осы жеңіс біз үшін отандық күрестегі бір өзгеріске, серпіліске үміт сыйлағандай болған еді. Одан бері Дәулет Тұрлыханов екі мерзім (8 жыл) осы қызметті атқарды. Бүгін Аммандағы (Иордания) Азия чемпионаты басталарда Бас ассамблея өтіп, жаңа президент сайланды.

Иорданиялық Мұхаммед Әл-Ауамала 38 елден рекордтық 34 дауысқа ие болып, 2028 жылға дейін осы орынға жайғасты. Әл-Ауамала туралы көп дерек жоқ, тек Иордания күрес федерациясының президенті екені белгілі. Десек те, күресі, жалпы спорты қатты дамымаған ел ретінде Иордания, жалпы Араб елдері үшін бұл үлкен жеңіс екені анық», - дейді Назерке Сұлтанбек.