Тұрақты
жұмыс орындары мен уақытылы берілетін жалақы, бюджетке түсімнің артуы-
кәсіпкерліктің дамуының көрінісі. Бірақ бизнес иелері алдында кедергілер әлі
жеткілікті. «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы
кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы кеңестің отырысында осындай мәселелер
талқыланды.
Соңғы бір жарым жылда
аймақтық кәсіпкерлер палатасына 330 арыз-өтініш түссе, 125-і шешімін
тапты. Басым бөлігі жер мәселесіне арналған. Жүйелі жұмыс нәтижесінде 13
лауазымды қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 200-ге жуық кәсіпкердің
құқығы қорғалып, 250 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылған. Жиында
кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктер де аталып өтті. Мысалы, өңірде
кәсіпкерлерді несиемен қамтамасыз ету мақсатында пилоттық жоба жүзеге асырылып
келеді.
Ибадулла Құттықожаев, «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:
Инновациялық жаңа өңдіріс орындарын ашу немесе
өзінің шағын бизнесінде соңы дамыту бағытында біршама жұмыстар бар. Өзі
жұмыстарды ілгерлете отырып, біз кәсіптің басқада түрлерің дамытуда алдағы
уақыттарда осы қоғамдық кеңес жақсы жұмыс істеуге алдымызға мақсат қойып
отырмыз.