Ақтөбеде тұрғындар миллиондаған қаржыға сатып алған үйлерінен айырылып қалуы мүмкін. Су жаңа баспана алып, жөндеу жүргізіп, қоныстанған 7 отбасы жарты жылдан бері сот пен прокуратураның табалдырығын тоздырып жүр. Айтуларынша, баспаналарын нотариус арқылы заңды түрде сатып алған. Алайда, арада бірнеше ай өткен соң үйлерінің арестте тұрғанын білген. Сот 2 адамға пәтерді компанияға қайтаруға шешім шығарған.
Бұл - 2024 жылы пайдалануға берілген «Домино» тұрғын үй кешені. Жұрт мұнда әлі қоныстануда. Ал алғашқы тұрғындардың бірі болып пәтер сатып алған 7 отбасы үшін жаңа баспана қуаныштан гөрі дауға айналды. Тұрғындардың сөзінше, пәтерді сатып алмас бұрын нотариус тексерген. Мәселе болмағасын келісімшарт заңды түрде рәсімделіпті. Алайда бірнеше айдан кейін үйді босату, туралы хабарлама алған.
ҚАНАҒАТ КУЛЬМАНОВ, ТҰРҒЫН:
Черновой вариант алып үйді ремонтын істеп, 5-6 айдан кейін уже маған не келіп тұр да-повестка. Бұл үй неде тұр, арестте тұр. Кешегіде извещение келіп тұр-үйді босат деген уже, мен ол үйді бергенше одан да өртеп жібергенім артық ол үйді.
ГҮЛМИРА САҒЫНОВА, ТҰРҒЫН:
Құлсары қаласынан үйіміз суға кетіп, осы сол үкіметтің берген ақшасына осы жаққа келіп, осы үйді сатып алған болатынбыз+Қырғын бала-шағам бар мысалы. Мен қай жаққа барам мен? Баратын жеріміз жоқ біздің.
Компания менеджеріне қатысты бірнеше іс сотта қаралып жатыр. Тергеу оның алаяқтық әрекеті дәлелдеген. Сот 2 пәтерді серіктестік меншігіне қайтаруды ұйғарған. Ал сатып алғандардың қолындағы құжатын жарамсыз деп таныған.
ЛӘЗЗАТ АЛМАҒАНБЕТОВА, ТҰРҒЫН:
Үкім шыққан: Ешимова кінәлі АНК Партнерстан 148 млн теңгені жымқырып, өзінің жаңағы қалауынша жұмсап қойған. Енді сол үкім шыға тұра АНК-ПАртнерс Ешимова өзінің жұмысшысынан ақшаны требовать етпей, мына адал сатушылардан пәтерлерін тартып алып жатыр сотқа беріп.
Ал компания өкілінің айтуынша серіктестік менеджері басшылықтың жоқтығын пайдаланып, жалған сенімхат жасап, бірнеше адамды алдаған. Адвокат тұрғындардың өздері мәміле кезінде сақтық танытпағанын алға тартып отыр. Сондықтан заңсыз сатылған 7 пәтерді өзіне қайтармақ.
АЙБЕК ҚОЯНБАЕВ, «АNK PFRTNERS» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ АДВОКАТЫ:
Олар енді кімге бере алады сотқа? Біріншісі-сатып алған адамдарға бере алады жаңағы талап-арыздарын. Одан болмаса жаңағы бірінші сатып алған менеджерден сатып алған болса сол менеджерге сотқа береді. Ол квартирлердің барлық пәтерлердің иелері бар, кейін қазір ол мына квартирлерді қайтарған жағдайда сот квартирлерді қайтадан мына кісілереге қайтарып береді. Ең басынан алған иелеріне.
Ал адал ақшаға баспана алдым деп алданғандардың менеджердің үстінен тағы сотқа беруден басқа амалы жоқ. 7 тұрғынның қазір жалғыз уайымы далада қалмау.