Журналист, тележүргізуші Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуі жайлы құпиясын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, бұрынғы күйеуі әнші Мақпал Жүнісоваға сырттай ғашық болған.
«Владимир Рерих – ұлым Әлімнің әкесі. Ол Мақпал туралы былай дейтін: Лев Толстой Анна Каренинаны суреттеген кезде тура Мақпалды көзге елестетемін. Құлағының артындағы бұйра шашы, томпақ қолы мен жіңішке саусақтары Каренина, яғни Мақпал ғой. Қандай ерке, қандай қылықты келіншек деп, Рерих ол кісіге сырттай қатты ғашық болды. Мақпал оны білмейді», - дейді Дана Нұржігіт.