Букмекерлік кеңселерді жарнамалауға шектеу қойылады. Тіпті, енді ұялы телефонға құмар ойындарының хабарламасы жіберілмейді. Сенат денсаулық сақтау және ойын бизнесі мәселелері туралы заңды мақұлдады. Оның аясында бас бостандығынан айырылған немесе шартты түрде сотталған адамдар үшін құмар ойындарына қатысуға тыйым салынады. Жауаптылар бұл бастама лудомандардың санын азайтады деп отыр. 2022 жылы түрлі басылымдар мен сайтарда, әлеуметтік желілер мен ақпарат агенттігінде букмекерлер жарнамаға 8 жарым млрд теңге жұмсаған. Ал құмар ойнайтын 14-28 жас аралығындағылар 1,2 пайыз ғана болған. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 17 проценттен асқан. Айта кетейік, қазір жарты миилионға жуық адам бәс тігеді. Оның 200 мыңға жуығы 29 жасқа толмағандар.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Лудоманиямен күресті арттыруға бағытталған нормалар қарастырылып, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалау талаптары күшейтілді. Құмар ойындарға қатысуға тыйым салынатын азаматтардың тізбесі де кеңейтілді.
Енді букмекерлік кеңселер спорттық шара кезінде ғана жарнамаланып, арнайы спорттық арналарда ғана көрсетіледі. Сондай-ақ заң аясында құлағы ауыр еститін, бірақ мүгедектігі жоқ жандарға есту аппараттары беріледі. Елімізде 5700-ден астам адам миятрия және атрезия ауруларымен ауырады. Оларды құрылғылармен қамтамасыз етуге бюджеттен 4,3 млрд теңге бөлінді. Бұл науқастарға кедергісіз өмір сыйлайды дейді жауаптылар.
АЙНҰР АРҒЫНБЕКОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Есту аппараттары аталған аурудың тек 3,4-ші топтарына ғана берілетін. Ал 1 мен екінші топтарына берілмейтін. Әсіресе балаларға. Аппарат қымбат тұрады. Оған ата-аналары ақша жинағанша есту қабілеті нашарлай береді. Бұл науқастарға керемет мүмкіндік. Аппарат жергілікті атқарушы органдар есебінен алынады.