$510.58 €571.8 ₽6.34
×

Қаржылық қауіпсіздік дәрісін 100 мыңнан аса студент тыңдады

Қаржылық қауіпсіздік дәрісін 100 мыңнан аса студент тыңдады

Қаржылық мониторинг агенттігі жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне қаржылық қауіпсіздікті арттыру мақсатында дәрістер өткізуде. Акция Мемлекет басшысының халықтың қаржылық сауатын арттыру және «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында жүзеге асуда. Дәріс беруші университет оқытушылары Агенттіктің арнайы дайындығынан өткен. Бүгінде оқуға ел аумағындағы 200-ден астам оқу орнынан 100 мыңнан аса тыңдаушы қатысты. Студенттерге қаржы пирамидаларын қалай анықтаудан бастап, алаяқтық жолмен өзгенің шотынан ақша ұрлауға тағайындалатын жазаға дейін түсіндірілді. Айта кетейік, 18 сәуірге дейін қаржылық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық олимпиадаға тіркелу жүргізілуде. Жеңімпаздар қыркүйек айында Ресейде өтетін олимпиадада ел намысын қорғайды.