$516.16 €584.86 ₽6.25
×

«Пеш жағудан шаршадық!». Қарағанды қаласында газдандыру кешіктіріліп жатыр

AstanaTV
14.04.2025ж. 20:00
112
«Пеш жағудан шаршадық!». Қарағанды қаласында газдандыру кешіктіріліп жатыр

"Пеш жағудан шаршадық!". Осылай деген қарағандылықтар газдандыру жұмыстарының кешіктіріліп жатқанын айтып шағымданды. Қаладағы Әлихан Бөкейхан ауданындағы Шахтерский ықшам ауданына көгілдір отын осыдан екі жыл бұрын тартылуы тиіс еді. Алайда уәде етілген мерзім қайта- қайта кейіндеп барады,- дейді жұрт.   

Шахтерскийға 2025 жылы газ келуі тиіс болатын. Алайда уәде етілген көгілдір отын атымен жоқ. Тіпті құбыр да тартылмапты.

СӘБЕН ӘЛКЕЕВ, ШАХТЕРСКИЙ ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Таңертең көрсең екі ведроны зорға көтеріп бара жатқан үлкен адамдар. Бірінші очередь осы микрорайонға газ жіберу керек. Өйткені айтып жатырм ғой баяғыдан келе жатқан шахтерлар осы үйлерді салған, заслуженный шахтерлар. Олардың еңбегін ақтау керек қой.


90 жылдардың басында бұл маңайдан кеншілерге жер беріліп, үйлер бой көтерген. Тіпті орталық жылу жүйесімен жылитын. Кейін  жылу қиылып қалған. Содан бері жұрт пеш жағады. Қазір мұнда 4 жүзден астам үй бар. Қаланың экологиялық таза аумағы саналатындықтан бұл жерге үй салып жатқандар көп. Бірақ жеке секторды қаламен жалғайтын жолда не тратуар, не жарық жоқ.

ЕРЖАН ӘБДІРАХМАНОВ, ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН- ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қаншама адамдар ауыратын адамдар көп. Астматиктар бар. Олар вообще қиналып кетеді. Загазовонность. Сосын освещение.Восток 5 тен көбісі балалар жаяу жүреді.


Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі биыл жарық тартылып, 4 шақырым жол салынатынын айтты. Ал көгілдір отынды бірнеше жыл күтуге тура келеді.  

АСАН АҚЖОЛ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ САЯСИ ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

Ол жақтағы ең үлкен мәселе, ол- газдандыру болды. Біз оны өңірлік жол картасына қостық. Шахтерский ықшам ауданында газдандыру 3- інші кезекте тұр. 2027 жылға жоспарланған.Жол картасындағы тармақтардың орындалуы партиясының тұрақты негізде бақылауында.


ДОСБОЛ КҮЛЕКЕЕВ, АУДАН ӘКІМІ:

Газдандыру проектісі бекітілген. Жобасы бар. Негізі осы микрорайон Шахтерский ауданды газдандыру жұмыстары 2029-2030 жылға дейін жоспарланған.


Қарағандыда көгілдір отын орталықтан басталды, қазір қаланың оңтүстік шығысындағы жеке секторларға тартылып жатыр. Жерглікті әкімдіктің мәлімдеуінше, технологиялық тұрғыдан солай тиімді. Бұл жұмыстар аяқталған соң ғана Әлихан Бөкейхан ауданына құбыр жүргізіледі.