Тобыл өңірінде «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында велошеру ұйымдастырылды. Лисаков шаһарында өткен спорттық шараға 6 жастан 60 жасқан дейінгі тұрғындар қатысты. Вело маусымның ашылуына қырықтан астам спортшы атсалысты. Дені жастар,студенттер мен оқушылар. Ең кішкентай велоспортшы- 6 жаста.Олар 6 шақырымды бағындырды.Шағын шаһарда бұқаралық велоспорт жақсы дамып келеді.Қазірдің өзінде 120 –ға жуық жасөспірім үйірмеге қатысып жүр дейді ұйымдастырушылар.
ҚАЙРАТ ТӨЛЕБАЕВ, «ҚАЙРАТ И КО» СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау көрсету үшін осы веложарысты ұйымдастырып жатырмыз. Біздің топ еліміздің көрікті таза болғанын қалайды.Және салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұтады.Клуб мүшелері кейінгі толқын жастарға үнемі осыны айтып отырады.Жас буынды елін,жерін сүюге,туған өлкесінің патриоты болуға бағыттап келеміз.