Оралдық соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңге бір реттік жәрдемақы төленді. Оларға бұған дейін беріліп келген 1,5 миллион теңге көмек биыл мерекеге орай, бірнеше есе ұлғайтылған. Қалалық жұмыспен қамту бөлімінің дерегінше, бүгінде Оралда көзі тірі 8 қарт майдангер қалыпты. Бәрі де баспанамен қамтамасыз етіліп, шипажайға жолдама қарастырылған. Жеңістің құрметіне орай, биыл соғыс ардагерлеріне теңестірілгендерге де құрмет көрсетіледі. Яғни, соғыс кезінде Ленинград қоршауында қалғандар, әскери тұтқындар және өзге де азаматтарға, барлығы 1 мыңнан астам тұрғынға қаржылай көмек беріліпті.
ИНДИРА ӨТЕГЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
ҰОС-қа қатысқан ардагерлерге 9 мамыр Жеңіс күніне 5 млн тг көлемінде төлем жүргізілді. Сонымен қатар, тыл ардагерлері, қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің жұбайларына төлем жүргізілді. Ленинград блокадасына қатысқан адамдар, тұтқындар барлығына төлем жүргізілді.