Жеңістің 80 жылдығына орай мемлекет соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қолдау көрсетуде. Шығыс Қазақстандағы «Уба» шипажайында қариялар тегін ем алып жатыр. Қазір облыста Ұлы Отан соғысының 12 ардагері мен 4 мыңнан астам тыл еңбеккері тұрады. Олар ешқашан назардан тыс қалған емес. Ардагерлер ұзақ өмір сүру орталықтарында дәрігерлердің бақылауымен сауықтыру және арт-терапиядан үздіксіз өтіп тұрады.
ҚҰРАЛАЙ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Жыл сайын шипажайда емделеді, физиотерапия, емдік массаж, сумен емдеу, емдік дене шынықтыру сияқты ем шаралардың 29 түрі бар.Биыл Жеңістің сексен жылдығына орай тыл еңбеккерлері мен ардагерлері қажетті емдік шаралар қабылдап жатыр.