Биыл Кеңес одағының батыры, жазушы, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл. Осыған орай Таразда әскери қолбасшының қалдырған қолтаңбалары мен шығармаларын өңір тұрғындарына насихаттау мақсатында «Тау тұлға, дара тұлға - Бауыржан» атты көшпелі кітап көрмесі өтті. Келешек-Тараз ғылыми интеллектуалдық мектеп-лицейінің қабырғасында болған шараға 7 мен 9 сынып оқушылары қатысты. Онда өскелең ұрпаққа Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың үлесі, олардың ерліктері жайлы мәліметтер беріліп, ұлт мақтанышы батыр Бауыржан Момышұлының екі тілде жарық көрген әдебиеттері ұсынылды.
МАРАЛ ИСАҚҰЛОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай бүгін кітап көрмесі ұйымдастырылып отыр. Расында асылдық пен жасылдықтың, батырлық пен батылдықтың үлгісіндей болған баһадүр бабамыз өзінің саналы ғұмырында соғыс жылдарында бір неше құнды еңбектер қалдырған.