$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Болашақ» стипендиясымен білім алғысы келетіндер саны артқан

AstanaTV
26.06.2017ж. 20:00
3180
«Болашақ» стипендиясымен білім алғысы келетіндер саны артқан

«Болашақ» бағдарламасымен білім алғысы келетіндерге талап қатаңдатылғаны алдын ала ескертілген. Бұл туралы Халықаралық бағдардарламалар орталығының өкілдері айтты. Айта кетейік, жақында «Болашақ» бағдарламасымен оқу үшін емтихан тапсырған талапкерлер Білім және ғылым миниситрлігіне хат жазған. Олар ереже талаптарының күрт өзгеріп кеткеніне шағымданған. Халықаралық бағдарламалар орталығының дерегінше, 2016 жылы мемлекет шетелде білім алу үшін 700-ден астам отандасымызға қаражат бөлген. Биыл бұл көресткіш 100 орынға қысқарады. Бакалавр дипломымен GPA баллының көлемі 3,3, ал ағылшынша  IELTS-тен  5,5 баллдан кем жинаму керек. Бұрын бұл талап 5 балл болатын. Халықаралық бағдарламалар орталығы шетелдің таңдаулы оқу орындарына үміткерлерді електен өткізіп барып жібермек. Себебі бұл бағдарламамен білім алып келгендердің саны көбейген.

Зүлфия Төребекова, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті:

Біз мұндай өзгерістің болатынын осы жылдың ақпан айынан бері айтып келеміз. Сондықтан ережелер кеш қабылданды деп шағымданғандардың уәжімен келіспейміз. Қазір еңбек нарығында «Болашақ» бағдарламасымен оқып келіп, жұмыс таппай жүргендер жеткілікті. Бірақ бұл оның жабылатынын білдірмейді. Биыл шамамен 600 адам стипендияға ілігеді.

Орталық мамандары «Болашақ» бағдарламасынан тыс шетелде білім алуға мүмкіндіктер барын айтады. Қазір АҚШ, Еуропа, Шығыс Азия елдерінде тегін білім алуға жол ашатын бағдарламалар көбейген. Білім саласындағы үкіметаралық келісімдер бойынша да түрлі гранттар ұтып алуға болады. Бірақ оның барлығында білімі жетік, ағылшын тілін меңгерген үміткерлерге басымдылық беріледі.