Ұлы Жеңіс ұрпаққа аманат. «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы «Таза бейсенбі» акциясын Қазығұрт ауданының орталығындағы Даңқты батыр бабалар аллеясында өткізді. Саябақтағы Жеңіс жауынгерлеріне арналған ескерткіш кешенінде кең ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияға қатысушылар ел қорғаны болып, батырлық пен қайсарлықтың ерен үлгісін көрсеткен ерлердің есімі қашалып жазылған қабырғаны жуып-шайып, даңқты бабалар рухына тағзым етті. Бір мүдде, ортақ мақсат аясына біріккен партия өкілдері аллеяның ажарын ашатын алуан түсті гүл мен ағаш көшеттерін екті. Партияның «Таза бейсенбі» акциясы «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы шеңберінде облысымыздың барлық аудан, қалаларында жалғаса бермек.
АЛТЫНСАРЫ ҮМБЕТӘЛИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Таза Қазақстан» акциясы бұл жәй ұран емес, бұл – еліміздің өзекті экологиялық мәселесін шешуге бағытталған бағдарлама. Биылғы жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай облысымыздағы, аудан-қалалардағы ҰОС жауынгерлері мен батырларына арналған ескерткіш пен монументтердің және парктер мен көшелердің бойынша бүгінгі таңға біз осы акцияны өткізіп жатырмыз.