Астанада жұмысшы мамандар арасында шағын футболдан турнир басталды. Қатысушылар Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың атындағы кубокке таласады. Екі күнге созылатын доп додасына «AMANAT» партиясы бастауыш партия ұйымдарының мүшелерінен құралған 16 команда қатысуда. Мұндағы басты мақсаты түрлі салада табанды еңбек етіп жүрген мамандардың рухани бірлігін, ұйымшылдығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Бәсекенің ашылу салтанатына "Аmanat" партиясының мүшелері мен Бекзат Саттархановтың анасы арнайы қатысты. Айта кетейік, жарыстың өтуіне "AMANAT" партиясы сеп болса, "BELES HOLDING" құрылыс компаниясы бас демеушілік етуде. Ал, жүлдегер командалар мен үздік ойыншылар ойын соныңда арнайы сыйлықтармен марапатталады.
АЛТЫНБЕК ЖАНДЫБАЕВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, КӨПБЕЙІНДІ №2 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ДӘРІГЕРІ:
Бүгін Бекзат Саттарханов атындағы спорт мекемеде жұмысшылар аясында футзалдан кубогі өтіп жатыр. Футбол жақсы өтіп жатыр. Ойдағыдай боп жатыр. Судьялар біліктілігі көрініп ойнап жатқан футболшылардың ойындары өте жақсы. Осындай жарыстар өте жиі өтсе деген ойламын.