$518.07 €595.21 ₽6.37
×

Ақтөбеде ашық аспан астында кітап фестивалі өтті

22.04.2025ж. 20:00
91
Ақтөбеде ашық аспан астында кітап фестивалі өтті

Ақтөбе ұлттық кітап күніне орай «Neo Kitap: Жаңа буын, Жаңа көзқарас»  ашық аспан астындағы фестивалі өтті. Оған мыңдаған   кітапсүйер қауым қатысып, үлкен кітап көрмелері ұйымдастырылды. Бұл шара жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, жастар арасында жаңа буын авторларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.  Кітап дүкендері қазақ әдебиетінің жаңа буын авторларын, жаңа туындыларды таныстырды.Жастар оқыған туындыларын өзара алмасып, жаңа кітаптар алуға мүмкіндік алды.   

НҰРБЕК САБЫРҒАЛИЕВ, ТҰРҒЫН:

Өзім кішкентайымнан кітап оқығанды өте қатты жақсы көремін. Осы кітаптардың барлығы өз қаражатыма қызыққаннан кейін ізденгеннен кейін сатып алынған. Көбіне әдеби, әдеби сын, психология, көркем әдебиет.


САМҒАТ АРТЫГАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бүгін жаңа бағытта ашық аспан астындағы фестиваль өткізіліп жатыр. Бұл жерде жеке кітапханалар, кітап дүкендері және кітапқа арналған қажетті заттар сатылымда және ашық микрофон жүргізіледі. Бұл жерде студенттер, жас ақындар клубтары және арнайы шақырылған ақындарымыз жақсы поэзия оқыған кеште өзіне ұнаған студенттерге кітабын сыйға тартатын болады.