Астанада А.Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде Абылай хан даңғылын орташа жөндеу бойынша жұмыстар басталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
26 сәуір мен 6 мамыр аралығында бұл учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.
"Манас көшесіне қарай қозғалыс толығымен жабылады, бірақ А.Пушкин көшесіне қарай қозғалыс ашық болады. Жұмыстың бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін көлік қозғалысы өзгереді: Пушкин бағытындағы көлік қозғалысы жабылады, ал Манас бағытындағы көлік қозғалысы ашық болады", - деп жазылған хабарламада.