Ақтауда үйдің кіреберісіне жуылған киімдерін іліп қойған әйелге хаттама толтырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақтауда 32Б ықшам ауданы, 8-үйдің тұрғыны кірді кіреберіске жайып қойғаны үшін жазаланды. Киімдердің арасында тіпті әйелдердің іш киімі де болды.
Әйелге Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы “Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу” бойынша хаттама толтырылды.
Кір жаю – қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу болып табылады. Бапта жеке тұлғаларға ескерту немесе 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл салу қарастырылған.