Израиль Қазақстанның 112 ірілі-ұсақ кәсіпорындарына инвестиция құйып келеді. Бұл туралы ЭКСПО көрмесі аясында өткен «Израильдің» Ұлттық күнінде мәлім болды. Елдің сыртқы істер министрлігінің басшысы көрмеге арнайы келіпті. Қазір ЭКСПО көрмесінен әріптесім Дәуренбек Бақдәулетұлы тікелей байланысқа шықты. Дәуренбек, министрден қандай тың ақпарат біле алдыңыз?
Дәуренбек Бақдәулет, тілші:
Ия, Ләйлә, өткен жылы қос ел арасындағы алыс-беріс 300 миллион АҚШ долларынан асып жығылғанын білдік. Израильдің СІМ басышысы Юваль Ротем 112 кәсіпорынды қаржыландырып қана қоймай, бұл көрсеткішті онан әрмен арттырсақ деп отыр. Жалпы бұл ел - биологиялық қоқыс, күн энергиясы және жел күші сынды табиғи жолмен энергия өндіруді мықтап қолға алған елдің бірі. Күн энергиясын сонау 70-ші жылдары зерттей бастаған елде, бүгінде, 200 жүзге жуық жоғары технологиялы компания бар. Елдің қажет ететін энергиясының 12 пайызы дәл осы жаңармалы энергия көздерінен өндіріледі.
Юваль Ротем, Израиль сыртқы істер министрлігінің бас директоры:
Біз жасыл энергетика саласына қыруар қаржы құйып, онан әрмен дамытып келеміз. Өз білгендерімізбен басқа елдермен де бөлісуге әзірміз. Қазақстан - біздің 25 жылдан бері тату-тәтті, достық қарым-қатынас жүргізіп келе жатқан дос мемлекетіміздің бірі. Бүгін мен сіздердің СІМ-мен жүздесуімде екі ел қарым-қатынасын одан әрі дамытуда бірнеше мәселе қозғайтын боламын. Жалпы қос тарап та жасыл энергияны дамытуға бірлесіп күш жұмылдыруға құлық танытып отыр. Бұл, әрине, қуанатын жағдай.
-Дәуренбек, ал Израиль Ұлттық күні қалай өтіп жатыр? Қазақстанға қандай шашу әкеліпті?
Дәуренбек Бақдәулет, тілші:
Израильдің біздің қазақ халқына ұқсайтын да қырлары бар екен. Ән-биді ұнатып, ұлттық аспаптарын қадір тұтып, көпке көрсетуге асық. Бүгін мұнда сол елде көрермендердің ыстық ықыласына ие болған түбі эфиопиялық болып келетін Израиль әншісі Авева ән салып жатыр. Концерт кешкі 9 жарымға дейін жалғасады.
Ал мен еске сала кетейін, ЭКСПО-ға келушілер үшін 2-3 мың теңгеге кешкі билеттер сатыла бастады. Сондықтан әр елдің ұлттық күндерін тамашалауға мүмкіндік бар. Ләйлә?
-Рахмет,
Дәуренбек. ЭКСПО алаңынан тікелей байланысқа шыққан тілшіміз Дәуренбек
Бақдәулетұлы.