$512.32 €582.92 ₽6.29
×

Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады

AstanaTV
29.04.2025ж. 15:06
219
Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады

Мемлекет басшысына холдингтің былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріліп, биылғы жоспары таныстырылды.

 Негізгі көрсеткіштер

 Холдинг тарапынан 6 трлн теңгеге жуық қолдау көрсетілген;

 Оның 4,1 трлн теңгесі ірі, орта және шағын бизнесті қолдауға,

 ал 1,9 трлн теңгесі тұрғын үй-құрылыс секторына бағытталған; 

 Холдинг активтері 14,1 трлн теңгеге жеткен; 

 Инвестициялық және несие портфелі 10,3 трлн теңгеге дейін ұлғайған; 

 Таза табыс 416 млрд теңгені құрады. 

 Жаңа бастамалар

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» базасында екі кепілдік қоры іске қосылған: 

- Оның бірі шағын және орта бизнесті қолдауға арналған.

- ал екіншісі құны 7 миллиард теңгеден асатын ірі жобаларды қаржыландыруды көздейді.

Тікелей инвестиция тарту бойынша бірқатар бастама, соның ішінде шетелдік серіктестермен бірлескен қорлар арқылы ауыл шаруашылығы, өңдеу және тау-кен металлургиясы салаларында жобалар жүзеге асырылатыны жөнінде мәлімет берілді. Аталған қорлар «Астана» халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында құрылады.

 Президенттің тапсырмалары:

Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» холдингіне екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, экономиканың нақты секторын қаржыландыруды, Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын іске асыруға қаржы тарту мәселесін шешуді тапсырды. 

Президент алға қойылған жоспарларды тиімді іске асыру қажет екеніне баса назар аударды.