Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Президент әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев 5 жылға сотталды

AstanaTV
30.06.2017ж. 20:00
2915
Президент әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев 5 жылға сотталды

Президент әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевқа сот үкім кесті. Астана қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, ол Қылмыстық кодекстің 2 бабы бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Есіл аудандық соты үкімді 13-ші маусымда шығарған. Алайда, бұл туралы тек бүгін ғана белгілі болды.

Ал Майлыбаевтың сыбайласы Николай Галихинге 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігі, 185-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған.  Бұл - лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдаланып, мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинап, таратып, жария ету бабтары.

Ботагөз Баянова, Астана қалалық сотының баспасөз хатшысы:

Сот үкімімен Б.Майлыбаев жоғарыда көрсетілген баптар бойынша кінәлі деп танылды және оған мүлкі тәркілене отырып, мемлекеттік органдарда лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Н.Галихин мемлекеттік органдарда лауазымды атқару құқығынан 3 жылға айырып, 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, сот президентке сотталғандарды барлық мемлекеттік наградалардан айыру туралы ұсыныс берілген. Мемлекеттік құпиялар жөнінде ақпараттар болғандықтан, сот жабық есік жағдайында өткен.