Қарағанды облысында қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығы тойланады. Республикалық шара «Рухани» жаңғыру бағдарламасы аясында аймақта тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл облыс әкімдігінде өткен арнайы отырыста айтулы шараны өткізу жоспары талқыланды. Негізгі дайындық шілде айында басталмақ. Ал тойдың басты жиындары Қазыбек бидің туған жері Қарқаралы ауданында өтеді.
Жандос Әбішев, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Туған жер» жобасы аясында ұйымдастырылып отырған алғашқы шаралардың бірі. Негізгі іс-шаралар Қарқаралы ауданынан бастау алады. Оның ішінде Егіндібұлақ селосында. Өткен отырыста абаттанбыру, тазалық жұмыстарын жүргізу қатты тапсырылған болатын. Сондықтан барлығымыз бірлесіп, осы жұмысты жақсы атқаруымыз керек.
Бүгінде
Егіндібұлақ ауылында санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстары басталған. 150
ағаш отырғызылып, ғимараттардың қоршаулары боялған. Биліктегілер елді мекендегі
ішкі жолдар толық жөнделеді деп отыр. Бүгінде осындай 13 шақырым жолға асфальт
төселмек. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар Қарағанды-Аягөз-Бұғаз көлік жолы
мен Қарқаралы-Бүркітті көлік жолдарында жөндеу жұмыстары басталған. Бұл
мақсатқа жергілікті бюджеттен 8 млн 700 мың теңге бөлініпті.
Айтулы мерейтойды
өткізуге кәсіпкерлер де ат салыспақ. Сондай-ақ, Қазыбек би туралы деректі фильм
мен 4 бөлімнен тұратын арнайы альбом шығарылады. Аламан бәйге,
ғылыми-тәжірибелік конференция мен спорттық жарыстар өткізу жоспарланған. Той
күні 100 киіз үй тігіліп, республикамыздың түкпір-түкпірінен қонақтар
шақырылмақ.
Рымбала Омарбекова, Қарағанды облысы әкімінің мәдени кеңесшісі:
Бүгінгі
күні біздің мамандар мәдениет саласының, университет тарихшылары, фотографтар
бірнеше маршруттарға шықты, бірнеше экспедиция бойынша. Оның ішінде Баянауыл,
Қарқаралы, Көкшетеу, Егіндібұлақ, Шет, Ақтоғай, Қызылордадан материалдар
алынды.