Бүгін ЭКСПО төрінде Мысыр елінің Ұлттық күндері өтті. Салтанатты шараның ашылуында екі елдің әнұраны айтылып, туы көтерілді. Жиынды Мысырдың Қазақстандағы елшісі Хайсам Салах Камел Ибрагим құттықтау сөзін арнап ашты. Шара кезінде араб халқының ғажайыпқа толы тарихы мәдениеті мен жәдігерлері кеңінен таныстырылды. Көрме аумағында өткен Ұлттық күн мерекесінде «Реда» халық би ансамблі өнер көрсетті. Бұл ұжым Мысыр елінің биі мен музыкасын әлемге таныстырып жүрген өнерпаздардан құралған.