$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Депутаттар Атыраудың экологиялық ахуалына алаңдаулы

AstanaTV
05.07.2017ж. 20:00
2366
Депутаттар Атыраудың экологиялық ахуалына алаңдаулы

Мәжілісмендер Атыраудың экологиялық ахуалына алаңдаулы. "Нұр Отан" фракциясының мүшелері мəселені халықпен бірге талқылау үшін өңірге келді.  Атыраудың экологиясын бұзатын бірнеше фактор бар,- дейді. Өнеркəсіп орындары, əсіресе мұнай өңдейтін кəсіпорындар көп. Полигондарда жыл сайын 4 млн тоннадай қалдық жиналады. Олар негізінен  мұнай-газ кен орындарын өңдеу, көмірсутекті шикізатты сақтау, тасымалдаудан пайда болған. Кеңес дәуірінде мұнай өндіру жұмысы бақылаусыз жүргізілгендіктен, жерге төгіліп, салдарынан ластанған аумақтар көбейген. Қоршаған ортаға залал келтіруші мекемелер баршылық. Соңғы екі жылда оларда 166 табиғатты ластау дерегі тіркелген.

Сəкен Өтебаев, ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Қазір Атыраудың экологиялық проблемасы өте өзекті. Біз, депутаттар, бұл мəселелерді үкіметке жеткізіп, мəжілісте талқылаймыз. Бұл облыс аумағында ғана емес, республикалық деңгейде шешілуі тиіс проблема екеніне көз жеткіздік.