$451.05 €504.95 ₽5.6

Алматыда жүк көлігі аялдамаға соғылды

AstanaTV
27.10.2026ж. 19:00
Алматыда жүк көлігі аялдамаға соғылды

Алматыда жүк көлігі аялдамаға соғылып, жүргізуші зардап шекті. Абырой болғанда, жолаушылар аялдамадан қашып үлгерген. Жол апаты Жароков пен Левитан көшелерінің қиылысында болған. Жол жөндеу жұмыстарын көріп, жүк көлігінің жүргізушісі жылдамдығын бәсеңдеткен. Сол мезетте оның артынан жоғары жылдамдықпен келе жатқан кроссовер соғылыпты. Қатты соққыдан жүк көлігі көше шамын қиратып, ағашқа соғылып, зорға тоқтаған. Жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Dongfeng жүргізушісін жедел жәрдем бригадасы тексеріп, қосымша медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізді. Оқиға бойынша полиция қызметкерлері тиісті шараларды жүргізді. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.

Ал Алматы облысындағы Боралдай кентінде көлік дүкенге кіріп кетті. Сөрелер бүлініп, көліктің өзі де зақымданды. Куәгерлердің сөзінше, көлікті басқарған бойжеткен ұстама салдарынан көлік апатына түскенін алға тартқан. Жүргізуші жауапкершілікке тартылды.