Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Астана» арнасы «Қарашаңырақта қауышу» деректі фильмін ұсынады

AstanaTV
06.07.2017ж. 20:00
4402
«Астана» арнасы «Қарашаңырақта қауышу» деректі фильмін ұсынады

Биыл Елордада өткен дүниежүзі қазақтарының құрылтайы әлемнің әр бөлігінде жүрген қандастардың басын қосты. Бесінші рет өткен жиынға әлемнің 40 шақты елінен 350-дей өкіл қатысты. Шараға келген жастардың дені қазақ деген атқа кір келтірмей жүрген азаматтар, оқуда озат, өмірде жігерлі. Бұл тарихи отанымыз тәуелсіз Қазақстанның абыройын арттырады,- дейді олар. Әлемдегі 33 елдің жоғарғы оқу орындарында білім алып жүргені баршамызға мақтаныш. 

Ғалымбек Оралхан, студент/ Қытай:

Болашақ жастардыкі дейді. Оның үстіне мына әлемнің әр түкпіріндегі  қазақтардың болашақ жастары бір-бірімен танысып және Қазақстанның жетістіктерімен танысты. Бұл жақтағы оқу орындармен танысуымызға болады. Мәдениетін де, орталығына да үйренуімізге.

«Астана» телеарнасы «Қарашаңырақта қауышу» атты деректі фильм түсірді. Әлемнің әр түкпірінде тарыдай шашылған қандастарымыздың бүгіні мен ертеңі жайлы сыр шертетін дүниені бүгін сағат 20:50-де тамашалай аласыздар! Қайталауы 9 шілде сағат 7:40-та екенін еске саламыз.