Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Тоқтар Төлешовке қатысты тағы бір сот басталғалы жатыр

AstanaTV
10.07.2017ж. 20:00
5057
Тоқтар Төлешовке қатысты тағы бір сот басталғалы жатыр

Шымкентте бүгінге жоспарланған атышулы Тоқтар Төлешов пен тағы 8 адамға қатысты сот процесі кейінге қалдырылды. 21 жылға сотталып, түрмеде жазасын өтеп отырған Төлешовке енді экономикалық заңсыздықтар бойынша айып тағылып отыр. Яғни ол танымал сыра зауытының қожайыны болып тұрған кезде салықтан жалтару, жалған декларациялар толтыру, аса ірі көлемде пара беру сынды қылмыстар жасады деп айыпталмақ. Зауыттың экс-басшысына бірқатар қылмыстарды жасауға жәрдемдесті деген күдікпен сотқа сегіз адам шақыртылған. Олардың төртеуі Еңбекші аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері. Бірақ істі қарауына алған Еңбекші аудандық сотының судьясы Мырзалы Жорабаев істі кейінге қалдырды. Өйткені сот отырысына айыпталушылардың екеуінің қорғаушысы келмей қалды.

Мырзалы Жорабаев, Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы:

Сегодня начать главное судебное разбирательство невозможно. Мы не имеем права нарушать право уголовно- процессуального законодательства, так же требование Конституций, который считается высшим законом РК. 

Еске салайық, Тоқтар Төлешов бұған дейін елде лаңкестік төңкеріс жасамақ болды деп сотталған-ды. Тоқтар Төлешов бұл жолы тағылған айыптардың кейбірімен келіспейді. Мұны оның қорғаушысы Мархаба Жақыпова мәлімдеді.

Мархаба Жақыпова, Тоқтар Төлешовтың адвокаты:

Тағылған айыптың басым бөлігімен ол келіспейді. Олар негізсіз. Салық кодексіне қатысты алдын ала кесіп ештеме айтпайын, дегенмен оның бірқатар эпизодтарға қатыспағаны анық. Өйткені зауыт директоры бола тұрып, салық инспекторына  пара ұсынды деуі, қисынға келмейді. Қызметкерлерінің дер кезінде декларация тапсырмауы немесе басқа да қаржылық құйтырқылықтар жасады ма, ол жағы оған беймәлім деп ойлаймын. Өйткені есеп-қисап басшы айналысатын шаруа емес қой.